16 қазан күні Исатай ауданындағы 2 ресурстық мектептің бірі Ж. Мырзағалиев атындағы мектепте Атырау педагогикалық шеберлік орталығының менеджер- тренері А. Қ. Сапарованың ұйымдастыруымен ауданның І, ІІ деңгейлі мұғалімдерімен курстан соңғы байланыс семинары болды. Семинардың ұйымдастырылуы мен жүру барысы мектеп көшбасшысының функцияларының моделіне негізделіп, әрбір іс -әрекет олардың негізгі қызметтерін айқындауға бағытталып отырды. Семинар барысында І, ІІ деңгейлі мұғалімдердің жұмысындағы жоспарлау, үйлестіру жұмыстарына қатысты ресурстар таратылды. Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибесіне түрлі әдіс - тәсілдерді де алды.