Бейсенбі, 16.05.2024, 19:37
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Есеп -қисап

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2018 » Қаңтар » 29 » "Талаптың мініп тұлпарын..."
12:21
"Талаптың мініп тұлпарын..."

«Талаптың  мініп  тұлпарын...»


      Қаңтар  айының  10 күні  Новобогат  орта мектебінде  осындай  тақырыппен  өткен   кеш  оқушылар мен  мұғалімдерге,  ата-аналарға  ерекше әсер қалдырған шара болды. Оқушыларды  алдыңғы буын ағалар  үлгісінде  көркем шығармашылыққа  тәрбиелеу,  мамандыққа  бағыт-бағдар беруді мақсат  еткен  кештің  қонағы  мектептің 2011 жылғы  түлегі Абылай  Ғадылжанұлы болды.    Абылай  Еуразия ұлттық  университетін  2016 жылы тәмамдап, бүгінде  «Қазақстан» телеарнасындағы  «Таңшолпан» бағдарламасының  редакторы, тележурналист болып  еңбек етуде. 

      Мектеп  қабырғасында  жүріп –ақ  сан  түрлі шығармашылық сайыстар мен  өнер байқауларының  жеңімпазы  атанған  Абылайды  өз мамандығын жаңылмай тапқан жас деуге  болады. 

     Кеш  «Таңшолпан»  бағдарламасынан   үзінді  бейнежазбалар  көрсетіліп, кеш  қонағына: - Абылай, тележүргізуші болу үшін адамның бойында  қандай қабілеттер  болу керек?- деп сұрақ қоюдан басталды.  Абылай  өз    кезегінде   тележурналистиканың  өзіндік  қиындықтары мен  жүргізуші бойында болу керек  қасиеттер,  қызықты   сәттер  туралы  әңгімеледі.  Келесі   «Осы мамандықты таңдауыңызға не  себеп болды?»  деген  сұраққа  кеш қонағы балабақша  қабырғасындағы  «Әнші  балапан», «Айгөлек» байқауларының, кейіннен  оқушы кезіндегі  ақындар мүшәйрасы мен айтыс секілді байқаулардың ықпалы зор болғандығын  айтып,   қабілетін ұштаған  ұстаздарына ризашылығын білдірді. Ерекше есте қалған байқау, жарыс ретінде облыстық Махамбет оқулары  мен  республикалық Бауыржан оқулары болғандығын айтып, Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш»  күйін тартты.  Бейнежазбадан Абылайдың Алматы қаласында өткен  Бауыржан оқуларында  өлең оқыған сәті көрсетілуі қонаққа да, оқушыларға да тамаша бір сый болды.

      Кештің  екінші бөлімінде  Абылайдың  анасы, мектебіміздің  математика  пәні мұғалімі  Зәуре Қайрекенқызы  ортаға  шақырылды.  Анасы Абылайдың өнерге, шығармашылыққа қабілетінің ерте байқалғандығын әңгімелеп, ең алғашқы өлеңін оқып берді. Өлең аудандық «Нарын таңы» газетінде жарық көрген екен.Сонымен қатар Абылайдың  өлеңдері енген  жыр жинақтары мен  жарияланған  газет-журналдардан жасалған  шағын көрме таныстырылды.       

   Кеш  барысында   тарту ретінде Абылайдың  7-сыныпта жазған  өлеңдерін  мектебіміздің 7-сынып оқушылары  Рысбек пен Нұрсәт мәнерлеп оқып,  оқушы кезеңдегі  фотосуреттері мен алған марапаттары енген  презентация  көрсетілді. Абылайдың немере інісі, 7-сынып оқушысы Аслан  ағасының  сүйікті  күйі «Еркесылқымды»  тартып, ризашылығына бөленді.

      

    Кеш соңында  Абылай  анасы мен ұстаздарына  арнап гитара  аспабының сүйемелдеуінде ән салды, ауылдастарының  сұрақтарына жауап берді.

    Кешке қатысушылар қабілетін  ерік-жігерімен суарып,  талантын еңбекқорлықпен ұштап,  өз- өзіне    мықты талап қоюдың  арқасында  бүгінгі жеткен  биігіне місе тұтпай  алға  ұмтылған  Абылайға  сәттілік  тілеп тарасты.

    Иә, адам өзінің  болашақ кәсібіне  әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер  үшін ол – ойға алған арманның  орындалуы, отбасы дәстүрін  жалғастыру,  келесі  біреулер үшін  жаңалыққа, дербестікке талпыныс,  үшінші біреулерге әйтеуір бір кәсіптің  құлағынан  ұстау.  Өз мамандығына қадамы балалық  шақтан басталып, әр жеңіс пен жеңіліс сайын  қанаты қатайып, талабы беки түскен арманшыл  азаматты  әлі де талай биіктерден  көретінімізге сенім мол.

   Шараның  презентациясы   мына жерде: /kezdesu_abylaj-2017.ppt

 

 

Просмотров: 624 | Добавил: Бибигул | Теги: дарынды оқушы, Тулеуова Бибигул, Абылай Ғадылжанұлы | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 1
0
1 Zrgwex   (07.03.2024 20:49) [Материал]
oral lipitor 80mg <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin</a> order lipitor 20mg pills

idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Күнтізбе
«  Қаңтар 2018  »
ДснСйсСрсБсбЖ.СбУра!
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Copyright MyCorp © 2024