Бейсенбі, 16.05.2024, 19:43
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Есеп -қисап

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2016 » Сәуір » 12 » Отбасылық немесе жеке қаражатты бөлудің тамаша әдісі (қазақ тіліне аударып, толықтырдым)
09:23
Отбасылық немесе жеке қаражатты бөлудің тамаша әдісі (қазақ тіліне аударып, толықтырдым)


Отбасылық  немесе  жеке  қаражатты  бөлудің  тамаша  әдісі

«Құмыралар  әдісі»  -  жеке  немесе  отбасылық  бюджетті басқарудың  тамаша  әдісі.

Сіздің   міндетіңіз-  қаражатыңызды  ойша  немесе  шын  мәнінде  алты  бөлікке  бөліп сақтау . Осылайша  Сіз  ақшаңызды  өмірдің  маңызды  алты саласына  қатысты  жұмсайсыз.

Бірінші  құмыра:  Ең қажетті  сала  (бюджеттің 55%   ) 

Бұл  бөліністегі  ақшалар  күнделікті  қажеттіліктерге  жұмсалуы керек. Ол дегеніміз,  азық тұлік, газ, су, электр энергиясы, т.б.  үшін төленетін  төлемдер. Салық пен  көлік  шығындары, жүріп -тұру  ақылары да осы құмырадан    төленеді.  

 Екінші  құмыра:  Көңіл  көтеру, демалыс (бюджеттің 10%) 

Бюджеттің  бұл  бөлігін  өзіңізге  арнаңыз.  Жинап  қымбат киім  сатып алыңыз немесе  демалыс орнына  барыңыз. Сәнді  сөмке немесе  әтір  алып өзіңізді  қуантыңыз.


 Үшінші  құмыра: жинақтау (бюджеттің 10%  ) 

 Бұл  бөліктегі  ақша - Сіздің  болашақтағы  экономикалық  еркіндігіңіз. Оны  Сіз  депозит немесе  банкідегі  салым ретінде жинасаңыз  болады. Бір жақсысы, біздің  елімізде  зейнетақы  қоры  біз үшін осы   жұмысты  атқарып жатыр.  Сондықтан  бұл  пайызды  балалардың  оқуы  үшін арнасаңыз  қателеспейсіз.   

 


 Төртінші  құмыра:  білім және  кәсібилік  (бюджеттің 10%   ) 

Бұл құмырадағы  ақшаңызды  өзіңіздің  біліміңіз бен  кәсібилігіңізді,  тұлғалық  өсуіңізді  арттыру  үшін жұмсаңыз.  Бұл  Сіздің  өзіңіздің  кәсібіңіздің табыстылығына жасап жатқан  инвестицияңыз.  Сіз - ең бағалы  активсіз. Бұны ешқашан естен шығармаңыз. Бұл он пайызды кітап, дискілер  алуға, курстар мен семинар, тренингтерге баруға  арнаңыз.   Жұмыс орныңызды  жарақтаңыз,  безендіріңіз.  Себебі, ол -Сіздің  екінші үйіңіз.  Мекемедегі  көпшілік  шараларға  жарна  қосыңыз, демеушілік  жасаңыз.  Жылына бір мәрте болса да ұжымдастарға арнап  кофе – брейк  немесе  фуршет  жасаңыз.   Өйткені  бұның бәрі Сіздің  ұжымдағы  орныңызды  биіктетіп,  достарыңызды жақындата  түседі.  Сіз – инвесторсыз. 

Кувшин 5:  жеке  қор (бюджеттің 10%) 

Бұл  қаражатты  жинау арқылы Сіз  ауқымды  сатып алулар жасайсыз.   Теледидар мен жиһаз, автомашина алуды осы  құмыраға  жиналған  ақшаға  қарай есептеңіз. Егер банк  кредитіне  алғыңыз  келсе,  оның  Сіздің  еңбекақыңыздың  10 – 25 пайызынан  аспауын  ескеріңіз.

Алтыншы  құмыра:  қайырымдылық  және  сый- сияпаттар ( бюджеттің 5 % ) 

 Бұл құмырадағы  ақшаны  туған  күндер мен  тойларға  сый- сияпат  алуға  жұмсаңыз.  Бұл  бөлімдегі  ақша да  қайтарымды инвестиция болып есептеледі.  Сондықтан   шығыстың  бұл бөлігін шын пейілмен жұмсаңыз.

Артылып  жатса, осы бөліктен  қайырымдылыққа  да  ақша  арнаңыз. 

 

 

 

Просмотров: 633 | Добавил: Бибигул | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2016  »
ДснСйсСрсБсбЖ.СбУра!
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Жазбалар мұрағаты
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2024