Бейсенбі, 16.05.2024, 10:13
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Есеп -қисап

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2022 » Қараша » 6 » "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №6 2022
19:30
"Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №6 2022

Шынияз  шығармашылығы неге шет қалып жүр?

Тулеуова  Бибигул  Орынгалиевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұалімі, педагог – зерттеуші

Жалпы білім беретін  Новобогат орта мектебі

Исатай ауданы  Атырау  облысы

        

          Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан қазақ  жері  қандай қазыналы болса, сол байтақ даланы мекендеген халықтың   тарихы мен әдебиетінің де ашылмаған сырлары, танылмаған тұлғалары әлі де жетерлік. Сондай тума таланттардың бірі қазіргі  Атырау  облысы өңірінде ХІХ  ғасырда (шамамен 1819 жылы дүниеге келген) өмір  сүрген   төкпе ақын ақын,  жырау  Шынияз Шанайұлының шығармаларының жас ұрпаққа берер өнегесі мол. Аса сауатты, өз заманының  озық ойлы азаматы бола білген ақын шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа насихаттау –  өзекті  мәселелердің бірі.  Осы орайда Шынияз  Шанайұлы  шығармашылығына  арналған  «Тарихтың   шежіреші  хабарымын»  тақырыбындағы   ғылыми – тәжірибелік  конференциясының  жоспарын ұсынбақпын.         

Конференцияның  мақсаты:   Шынияз  Шанайұлының өмірімен,   шығармашылығымен таныстыру; ақын  толғауларын тақырыбы,   мазмұны жағынан  талдау; ақынның  шығармаларын  жатқа  оқу, мағынасын  ашу арқылы  оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін  дамыту; ізденімпаздыққа,  сын  тұрғысынан  ойлауға  жетелеу.

Көрнекілігі  ретінде  Шынияз  Шанайұлы  толғаулары  енген  басылымдар, жинақтар,  мерзімді  баспасөз материалдары «Атырау  ақын- жазушылары »  сериясымен  шыққан  кітаптар;  М. Бектеновтің  кітаптары, бейнежазбалар, оқушы  жұмыстары пайдаланылады.

Конференция «Бабадан  қалған мол мұра» презентациясының  көрсетіліп, оқушылардың  ақын толғауларынан үзінді оқуымен ашылады. Келесі кезекте қатысушылар «Шынияз шығармашылығы неге шет қалып жүр?» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» басында     Шынияз  Шанайұлының  өмірі  мен  шығармашылығына  қатысты сұрақтарды   талқылап,  пікірлерін ортаға салады.  Шараның негізгі бөлімінде   «Шынияз- ақын, балуан, жырау, шежіреші» тақырыбында  баяндама жасалып, Шынияз  Шанайұлының  өмірбаянымен, шығармашылығымен, ақын мұрасының зерттелу  жайымен  таныстырылады. «Шынияз  Шанайұлы – замана жайын   терең толғаған  ақын»  тақырыбында   оқушы зерттеу жобасын қорғайды. Қорытынды бөлімдегі  «Халық  жадында  қалған  бейне» тақырыбындағы сахналық  қойылымда оқушылардың ғылыми қоғамының мүшелері «Шынияздың  Мақашқа  айтқаны» толғауының  өмірге  келу  оқиғасын  сахналайды.

Сахналық  қойылым:   Халық  жадында  қалған  бейне

Қатысушылар: 

Мақаш  правитель      

Жантұрған  би        

 Шынияз                  

 Автор                      

Автор:Кіші жүздегі Бірінші, екінші Приморье округтерін жылдар бойы қатар билеген, Орынбор кадет корпусын бітірген Мақаш Шолтырұлы  Бекмұхамедов әділдігімен, білімдарлығымен, шешендігімен елге танылған, сол себепті де оны бүкіл халық аса құрмет тұтқан. Мақаштың  үлкен үміт күткен, «өзімнің  жолымды қуады-ау» деп сенім артқан баласы  Орынборда  оқып жатқанда қайтыс болады. Шынияз ақын Мақашқа бұл жолы  Нарын еліне аты мәлім адай Жантұрған бимен бірге барыпты дейді. Шамасы, бірінші округтің  зиялылары  жиылып   көңіл  айта келеді.

      (Сахна  төрінде  Мақаш  теріс  қарап  жатады, мұңлы саз  ойнап  тұрады.   Бір топ  ер адам   жаймен  басып  келіп, теріс қарап  жатқан  адамды  көріп  тұрып  қалады.)

Жантұрған(Мақаштың  қасына  тізерлеп  отырып)

-Әй, Мақаш, басыңды көтер, құдай қаласа, қайыры болады. Пазылжанды оқытамын, Әміржандай білім-нысап беремін,қолыңдағы ісіңді өзің жасың жеткенде оған бергіземін, бағың басыңда болады, халқың қасында болады, Ақкөке деген атағың бар, сол абырой-атағыңмен о дүниеге аттандырамын. Енді қайырын бермеймін десем, басындағы бағыңды аламын, қолыңдағы ісіңді аламын, үш ай тоқсанда теріскейден ызғырық болып соғамын, қораңдағы малыңды аламын, өсекке таңамын, қасыңнан халқыңды қашырамын, аузыңдағы тісіңді аламын, алдыңдағы асыңды бір балаға алып бергіземін, онымен қоймай құрт ауру жасаймын, шөп күркеге  апарып тастаймын, қатын-балаңды жеріндіремін, қасыңа жан жоламайтын етемін.

Мақаш  (төсектен басын  көтеріп, Жантұрғанға  қарап):

- "Қайттым! Қайттым,тәубе!  Қайттым тәубе!

(Жантұрған  би Шыниязға  қарап ымдап, ортаға шақырады)

Шынияз (жүресіне  отыра  кетіп)  толғайды.

  Әңгіме етіп айтайын

Бұрынғы өткен елдерден,

Сөйлегеннен не пайда

Сайраған қызыл тілдерден,

Осы күні не пайда

Бұрынғы өткен күндерден ?

Баяны жоқ сұм жалған

Қалмаған екен кімдерден ?

Әрі де бері толғайын

Ертеде өткен ноғайдан,

Пайдасын өзің көрмесең

Не пайда алтын арайдан ?

Мақаш ( орнынан  түрегеліп):

-       Е-е, Шыниязым, шын ерім, сен  келіп пе едің? Шежіре  кеуде  деп естіп едім  өзіңді.  Тек мені емес, елді  жұбатқалы  келіпсің. Аузыңа  Алла  сөз салған  адал азаматсың  ғой. Жырла,  айт, айта  түс.

    Шынияз:

   Жоқ еді мұндай əдет хан барында 
Ел болды жеті қисым бұл Нарында,
Жазылды өлі тірі бір қағазға
Кешегі жаңа штаттың салдарынд.
...Жиылып барлық билер барған күнде

  Айтылмай қаза болды халық мұңы,

... Болар ма сайлауменен старшындық,

Жігіттер, ойлап қара немен тындық?

Мақаш: Беу, дүние- ай! Заманның  беті не болып барады? Мен ұлымды жоқтап қана жатқан жоқпын. Елімнің бүгінін  ойлап азалап, ертеңін ойлап  түңіліп жатыр едім. Көкірегімдегі шерді қозғап, санамды аштың. Жырлай түс,шайырым...

...Алшаңдап арыз айтар халің бар ма,

Біз қазақ жетім ұлдай болған мұңдық,

  Аяғым, басым кетіп қалған күнде,
Елімді орыс билер алған күнде,
Қайсысын сұм дүниенің мен сөйлейін,
Елуге жасым жетіп қалған күнде?
      Қараша үй көбінде жоқ екі сиыр,

Қарасам келіспей тұр елдің сыны.

Тамақтан Нарын елі жүдегенде,
Үйшіктің қымбат болды қызыл ұны,
Адамда осы күні жерлік ет жоқ,
Жалданып аққа жүрді ұл мен қызы.
Адамын малыменен бірге санап,
Замана жылдан жылға ылдиланып,
Қайғы етіп білгеннен соң айттым мұны...
Берімді малға салмай, басқа салса,
Қазаққа ұлу қиқу енді болды...

(Шынияз осыны айтып басын төмен салып, домбырасын шертіп отырып қалады.  Отырғандар  қозғалақтасып, бір- біріне қарасады.)

Полилог. Апырмай, мына Шынияз ел жайын  қалай дөп айтты?!

                Қара халықтың күні не болмақшы?

                Бұл не деген заман болды?

Шынияз  домбырасын шертіп отыр. Саз  әуені  күшейе  түседі.

Сахна  жабылады.

Ұйымдастырушылар   ғылыми- тәжірибелік  конференцияны қорытындылап, белсенділік  танытқан   қатысушыларға   Алғыс хаттар табыстайды. Бұл шара - шығармалары бүгінгі күнге құймақұлақ  қарттар арқылы  жеткен Шынияз Шанайұлы шығармаларын зерттеу, насихаттау бағытындағы  келелі  істің  бір үзігі. 

Просмотров: 73 | Добавил: Бибигул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2022  »
ДснСйсСрсБсбЖ.СбУра!
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Жазбалар мұрағаты
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2024