Жұма, 17.05.2024, 00:54
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Есеп -қисап

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Блог

Главная » 2022 » Қараша » 6 » «Қашаннан келе жатқан мұраң еді..» Исатай аудандық ”Нарын таңы“ қоғамдық – саяси газеті №29 (3721) 23.07.2015
19:27
«Қашаннан келе жатқан мұраң еді..» Исатай аудандық ”Нарын таңы“ қоғамдық – саяси газеті №29 (3721) 23.07.2015

” Қашаннан келе жатқан мұраң еді..."

 

     Үстіміздегі  жылды  ерекшелендіріп тұрған  атаулы даталардың  бірі – қазақ  хандығының  құрылғанына  550 жыл толуы. Елдік пен  ерліктің  куәсі, тұтас  бір халықтың  мемлекеттігінің  қалыптасу  дәуірі  болған  алты ғасырға жуық  кезеңде  елдің  мұңын  жырлаған  небір ақын, би –шешендер, елінің  кешегісі  мен  бүгінін  келер ұрпаққа   жырмен  жеткізуді,  ертеңін  қиялмен  болжауды  парызым деп  білген  небір  сұңғыла  абыздар   өтті...

      Солардың  бірі  -    Махамбет, Абыл ақындармен замандас,  жырлары, әсіресе, Еділ мен Жайық, Нарын өңіріне кең тараған  ақын Шынияз Шанайұлы.

      Шынияздың шыққан  тегі - Кіші жүздегі Беріш Жайықтың Шұбар ұрпағынан. Ақынның әкесінің жайлауы - Нарынның күнгей бетіндегі Сарытөбе (қазіргі Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы),қыстауы - Каспий жағасындағы Тотарал, Мошан, Капаш жерлері.  Құмар ақынның айтуынша, Шынияз 1819 жылы өмірге келген. Дәл қай жылы, қай жерде өлгені мәлім емес, шамамен 1875  жылы дүниеден өткен делінеді. Жергілікті өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  Мұрат Бектенов 1826 жылы туған деген болжам айтады.  

     Ақын  өзін:

                                       Руымды сұрасаң

                                       Беріш Жайық Шұбармын,

                                            Сөйлер  сөзге құмармын,

                                       Ақ сұр аттың мойнына

                                       Алтындап  таққан тұмармын.

                                            Шығанақтан шығармын..- деп таныстырады.

        Шынияздың  ақындығымен  қоса  балуандығы жайлы аңыз боп тараған әңгіме, өлең, жырлар  ел арасына кеңінен тараған.

      Шынияздан Қоман, Досан деген екі бала қалған.Олардың ұрпақтары  туралы  мәлімет аз. Қызылқоға ауданында Балабейіт деген жерде тұрған Жәлеке ақсақал:   " Шынияздың сүйегі тәжік жерінде қалған, ұрпақтары да сонда болуы керек " дегенді айтқан.

       Шынияздың  бізге жеткен  « Жаңа  низам»,«Мақашқа  айтқаны»,  «Мен Асан  Қайғы боп     жырласам», «Ерлері  қазағымның  озғаннан  соң», «Әлім елінде болғанда айтқаны»  деген    толғаулары  бар. Шет жерде жүріп жазған «Елге сәлем» толғауы  ұмытылған.

     Ақынның " Жаңа низам" атты ұзақ толғауынан  халықтың басына сор боп келген  талай  жайттың   жауабын табуға болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Жебесі шым болаттан садағымның                                                                                                                                                        Әдеті мұндай ме еді қазағымның,                                                                                                                                                             Аңырап қайтып қарап отырайын,                                                                                                                                                             Алдына келгеннен соң адамымның.                                                                                                                                                                 Әлеумет құлақ салып тыңдасаңыз,                                                                                                                                                                Халінен  хабар берейін заманыңның,                                                                                                                                                              Кешегі адамдарым бар күнінде.

Астына дұшпан салдым табанымның, - деп басталатын толғау қазақ халқының басынан кешкен не бір қилы-қилы замандарды шолады. Ақынның "адамдарым" деп отырғандары кімдер? Олар ер Едігеден бастап, оның баласы Нұрадин, немересі Муса, шөберелері Орақ, Мамай,Телағыс, Қарасай, Қази сынды ел қамын жеген, ежелден аңдысқан дұшпанға қарсы қайрат көрсеткен, халық мүддесін қорғаған ер ұрпақ."Қалмаққа Қабыртандай қылыш ұрып, ер болып ертеректе Едіге өткен"."Ерлігі билігімен бірдей болып,Еділге Орақ пенен Мамай қонған"." Мамай хан, Орақ батыр болған күнде, шеніне жан келген жоқ қарайғаннан".Есімі аңызға айналған эпостық кейіпкерлер көз алдыңнан тізбектеліп өтеді.

    Едіге кім? Ол - 1352-1419жылдарда өмір сүрген тарихи тұлға, Ақ орданың əмірі, маңғыт əулетінен шыққан, ноғай ордасының негізін қалаушы.Ақ орда Алтын ордадан бөлінген алмағайып заманда ол Орыс ханнан қашып,Самарханға барады.Онда қашып жүрген Тоқтамыспен байланыс жасап, Алтын орда билігін оның қайтып алуына жəрдемдеседі. Кейін оны да тақтан тайдырып, орда билігін алады.Оның ұлы Нұраддин тұсында/ 1426-1440/жж./ Ноғай ордасы түпкілікті қалыптасады. Орталығы-Сарайшық. "Сарайшықта бар дейді жеті ханның моласы"дейді ғой Шынияз.

   Мұрат ақынның "Үш қиянында":

Қарақұтан, Қалдыбай,

Жалғызағаш, Жақсыбай,

Көлектің ұлы Қартқожақ,

Естерек ұлы Тарғынның,

Тарыққанда ақыл сұрай барған жер,"деген жолдар бар.Шынияз толғауында да осы эпостық қаһарман тарихи тұлға болып алдымыздан шығады:

             Өлгеннен соң Ер Тарғын

             Ақжүніс қашып ұсталды

             Мынау Нарын тоғайдан...

Жырдан өзімізге таныс , Қырымның Ақша ханының жауын жеңген, "Азынау деген Аз қалада " тарланның от орнындай ізі қалған, Ақжүністі алып қашып Орманбеттің он сан ноғайына келген, Шағанның бойын щаңдатып қалмақты қуған, Әйукенің ауыр қолымен алты күндей атысқан, Еділ мен Жайық арасын ерінбей жортқан Ер Тарғынды  көреміз. 

   Торғауыт тайшысы Орлок 1630 жылғы желтоқсанда Алтыауыл ноғайларымен бірлесіп, Орманбетұлы Қара Келменбет, едисан ұлыстарына шабуыл жасады.Еділ маңын түгел биледі.1672 жылы Əйуке Қобанды шауып, солай ауған үлкен ноғай, жеті сан ноғай ұлыстарын Еділге қайырды.Олардан алым-салық алып тұрды. Шынияз ақынның:

"Еділден қара табан қалмақ босып,

  Қозғаған ноғай артын солар еді " дейтін кезеңі осы.

         Қазан, Астрахан хандықтарын Россия қосып алғаннан кейін XVI ғасырдың екінші жартысында ноғай ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестіктерге ыдыраған.1634жылы қалмақтардың шабуылынан кейін ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасы құрылған.Жем өзенінің бойында Алтыұлыс ордасы ту көтерген[4].

Ақын тілге тиек еткен халық жыр-хиссаларындағы аңыз тарихи деректерден шалғай кетпейді, астарласып жатады. Шет жұрттық басқыншыға айбар көрсетіп,қайрат танытқан,"жеті жұртқа қырандайын" көз салып,"жақсыны жаманменен абайлаған, кеткен соң бұл қоныстан Орақ, Мамай қарағаш, қалмақ жайлап, ноғай ауған"

- Ерлері қазағымның өткеннен соң,

 Сыртынан орыс патша көзін салған"- деп толғайды ақын одан əрі.

          "Кіші жүз жете алмадық ұлы жүзге"

           Арғы атаң Маңқыбаймен Алаш еді,

           Сахаба Әнет ата баласы еді, Бірлік сөз осы күнде қайдан болсын,

          Бұрынғы төрт имам да талас еді...

Ақын халық қамын жеген, қалың елді ортақ жауға қарсы бастаған ерлердің  дүниеден өтіп, бірліктің тозғындағанын – барша мұсылман әлемнің басындағы әлмисақтан бермен келе жатқан қасіреттің қазақ елінің Алашбайдан тараған Үйсін,Арғын,Алшынның басына түскенін, үш жүздің  басы бірікпей бөлініскенін, " Алғида атам қонған ұлы жүздің " алыс қалғанын,кіші жүздің оған қанша ұмтылса да жете алмағанын айтып толғанады.

      XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастап қазақ халқы зор ауыртпалықты бастан кешті.  Жоңғар қалмақтары шығыстан,  Еділ қалмақтары, Жайық бойына табан тепкен казак орыстар, башқұрттар жан-жақтан қыспаққа алды. 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығына ұшырады."Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама "зобалаң қасіреті орыс патшалығының бодандығына, отаршылық кіраптарлығына мəжбүр етті.

 ...Хан болған онан кейін Əбілқайыр,

Хабар бер алыс жерден болсаң шайыр,

Тарлықта жігіт басы қалған заман,

Болса да біреуі нар, біреуі айыр...

Орыс мемлекетіне бодан болып енген Əбілқайыр заманында да ел тарлықтан құтыла алған жоқ, азамат басына ауыр күн туды. Ақын осылай деп отыр.

Əр жерден топырақ үйіп, оба жасап,

Қарауыл қарап кеткен солар еді...

"Жаңа низамда" Еділден босқан қалмақ жайлы ақын қысқа да нұсқа етіп берген мəліметте үлкен шындық жатыр. Ежелден бермен қарай аңдысумен,жауласумен келе жатқан екі халықтың бір-біріне деген сенімі жоқ. Ауа көшкен ел жасанған қолмен келеді. Жолшыбай мерзімді жерге топырақ үйіп оба жасап, қарауыл қояды. Ұрыс басталған тұстан ұран оты алаулайды. Ұран оты жағылған жаққа қарай қарулы жасақтар ат қояды. Жоңғар көшінің жолында тағдырлас халықтардың  қаны судай төгілді. Боздақтар қыршынынан қиылды. Қазақ даласының картасына "Қалмақ қырылған"деген атаулар өшпестей болып қанмен  жазылды. Тіршілік тауқыметін тартып жатқан халыққа  хан-сұлтандар  пана  бола алмады, онымен қоймай қонысынан айырылып,тығырыққа тірелген, жаны жаралы елдің алқымынан алып,тынысын тарылтты.

          Хан болған онан кейін Нұралы еді,

     Төренің Архар деген ұраны еді,

     Хан аулын Сырым шауып тоздырғанда

     Ақылды Алдар биден сұрап еді,

     Қараға хан баласы әкім болған,

     Қашаннан келе жатқан мұраң еді...

Таққа, баққа таласқан Шыңғыс ұрпағының соңынан еріп тозғындаған қара халық  мұратына жете алмады. Халық ішінен билік тізгінін ұстайтын кемеңгер шықпады,әкімдік хан баласына мұра болып қала берді.Ер Едіге,Орақ,Мамай,Қарасай,Қази,Естерекұлы Ер Тарғын, Қара Қыпшақ Қобыланды, Нәріктің ұлы Шора , Асан Қайғы, қарға бойлы Қазтуған, Жиренше шешен... Ақын- жыраулар қара халықтың осындай төл перзенттерін дəріптеп, жыр хиссалардың басты кейіпкері етіп көрсеткен. Шынияз "төресі уағдадан танбаған" "хан бабаны" армандай отырып, олардың "қолында егер қайраты болмағаннан" "əкімнің ыңғайымен" жүре бергенін, шарасыздығын   айта отырып, қара халықтың арасынан шыққан дана билерді, дұшпанға қайрат жасаған айбарлы ер ұландарды жырлайды.

      Шынияздың өмірі мен ақындығы туралы алғашқы деректерді,   толғауларын  Тұщықұдықтық  Дәрісқали атамыздың ауызынан  жазып алып,  бізге жеткізуші белгілі өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының  мүшесі, бірнеше  кітаптың  авторы  Мұрат Бектенұлы ағамыз.

   Шынияз  Шанайұлы  толғауларынан  сол кезеңнің  бейнесін ғана емес, қазақ халқының  тарихы мен  тұрмыс-тіршілігі  туралы  да  мол  деректер алуға  болады.  Ақын  жырлары – тұрғанымен  тарих, тұнған  сыр. Оны тек  зерделеп  оқу, тиісті  деңгейде  насихаттай білу – бүгінгі  ұрпақ  парызы.

 

Төлеуова  Бибігүл

Қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі

Қабдиева  Әлия

10- сынып  оқушысы

Новобогат  орта  мектебі

 

Просмотров: 75 | Добавил: Бибигул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2022  »
ДснСйсСрсБсбЖ.СбУра!
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Жазбалар мұрағаты
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2024