Сенбі, 08.02.2025, 21:58
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Категории раздела
Есеп -қисап

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Педагогикалық ізденістер

2013  жылдың  22  мамырында  ауданымыздың  білім беру саласындағы  ізденістер мен жетістіктерді паш  еткен ”Педагогикалық  ізденіс:  Идеялар. Шеберлік. Тәжірибе"  тақырыбындағы  облыстық  семинар Исатай  аудандық  білім  бөлімінің  әдістемелік  кабинетінің  ұйымдастыруымен    жалпы  білім  беретін  Новобогат орта  мектебінің  базасында  өткізілді. Аудан  мектептеріндегі ұстаздардың  нәтижелі  білім беруге бағытталған жұмыстарының  ұйтқысы  болып отырған әдістемелік кабинеттің  жүйелі істерін  жаңа форматтағы жұмыс түрлері арқылы  насихаттаған  бұл шараға облысымыздың  аудандары мен  қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинет  меңгерушілері, облыстық  әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Ғали бастаған  әдіскерлер, ауданымыздағы білім беру мекемелерінің басшылары, мектептердің  оқу ісінің меңгерушілері мен шығармашыл топ мүшелері  қатысты.

Ауданымыздың  білім беру саласындағы  инновациялық  жұмыстар  мен олардың  нәтижелерін, шығармашыл топтар мен  жаңашыл ұстаздар еңбегін  насихаттауды   мақсат  тұтқан шараны  аудандық  білім  бөлімінің  меңгерушісі  Б. Қ. Қарабаев  ашып, мақсат- міндеттерімен таныстырды. Семинар  жұмысын  аталған кабинет меңгерушісі А. Сапарова  ”У камина" тақырыбындағы  тәмсілді техникалық құралдар көмегімен баяндау арқылы жалғап, қатысушыларды ”Біздің күшіміз   бірлікте" деген  түйін жасауға алып келді.

Әдістемелік  кабинеттің  ”Педагогикалық  ізденіс"  шығармашыл  бастама орталығы ның ”Педагогикалық  шеберлік" фестивалі  түріндегі семинардың  афишасы  бейнебаян  түрінде қатысушылар назарына  ұсынылды

Исатай аудандық  әдістемелік  кабинетінің  ”Педагогтардың креативті  әлеуетін  дамыту- әдістемелік  қызметтің  инновациялы  құрылымы"  тақырыбындағы  іс – тәжірибесін ортаға  салу  үшін  кезекті  әдіскер Света Борашқызы  алып, педагог  қызметкерлердің  функционалдық сауаттылығы мен полимәдениетін  көтеру бағытында ұйымдастырылып отырған  жұмыстарды жүйелі баяндады.

Шараның өзегі  болған ”Педагогикалық  калейдоскоп"  тақырыбындағы жұмысты  әдістемелік  кабинет меңгерушісі  Анаргүл Қарасайқызы  жүргізіп,  педагогтардың  кәсіби өсуі мен үздіксіз білім жетілдіруін, инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізуін қамтамасыз ететін іс –шаралардың  ұйымдастырылу, өткізілу барысы  мен нәтижелерін  ұтымды түрде шебер жеткізе білді. ”Шеберлік  сыныбының"  үзіндісі  ретінде ұйымдастырылған  жұмысқа семинар қонақтары мен аудан мектептерінің шығармашыл топ мүшелері қатысып отырды.

   ”Таңғажайыптар   біздің  кәсіпте " тақырыбындағы  жұмыста  Абай орта мектебінің  шығармашыл  топ жетекшісі Г. Калидуллина  инновациялық компьютерлік бағдарламалар  мен электронды оқыту құралдарының , E-Learningжүйесінің  аудан  мектептерінде апробациядан  өту, тәжірибеге ену барысын   баян етті. 

 


Бұдан  бұрын да  тәжірибесі  облыс көлеміне танымал Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектептің  ”Шеберлік   шыңы" шығармашыл тобының жетекшісі 

Б. Сағынғалиева мен А. Ермұханова  педагогтарды шығармашылық   істерге жұмылдыру, жұмысты жарнамалау, біріздендіру, авторлық жұмыс дәрежесіне дейін көтеру   бағытындағы іс – тәжірибелерімен бөлісті. ”Жаңа кеңістіктерді  ашамын "  тақырыбымен ұйымдастырылған  бұл бөлім  шығармашылық топтың  тұтас бір ұжымның  педагогикалық  әлеуетін  көтеруге септесетіндігін дәлелдеді.

Семинар барысында  әдістемелік қызмет барысында педагогтармен жұмыста  қолдануға  тиімді  әдіс ретінде  танылған  ”Флеш- моб", ”Шаңғы", ”Төртеу түгел болса... "  тақырыптарымен  өткен тренингтердің  психологиялық  ахуалды қалыптастыруға, адамдар  қарым –қатынасындағы    түрлі кедергілерді  жоюға атсалысатындығы көрнекі түрде дәлелденді. Әсіресе, әдістемелік кабинеттің бір күнін көрсете  білген ”Төртеу түгел болса" тренингі ұжымның   күнделік  қарбалас істермен кетіп қалмай,   өздерінің ең басты ісі- әдістемелік қызмет көрсету екендігін есте берік сақтайтындығын  ұқтырды.

   Семинар жұмысын Новобогат орта мектебінің  ”Бастау"  шығармашылық  тобы ”Ашық  әлем" тақырыбындағы жұмыстармен қорытты. Семинар  қонақтары мен аудан мектептерінің директорлары, шығармашыл топ жетекшілері  бұл бөлімде ”Тұлғаны  таны" интервью –тестке  интерактивті түрде  жауап беріп, әдістемелік кабинеттің  ”Ашық  әлем" интернет сайтымен  танысты. Сайт  мазмұнымен  таныстырған  шығармашыл  топ жетекшісі  Б. Төлеуова  қатысушылардың  сайтта орналастырылған сауалнамаға қатысуларын сұрап, нәтижесі интерактивті тақтада көрініс тапты. Соңында қатысушылар он-лайн  режиміндегі конференцияға қатысып, семинар жұмысына баға  берді, ұсыныс –пікірлерін қалдырды.

Семинардың  қорытынды сөзін алған  облыстық  әдістемелік  кабинет  директоры

  А. Ғали  ауданымыздың  білім беру саласындағы  жұмыстарына, оның ішінде әдістемелік қызметтің  сапасына  оң  баға беріп, ұйымдастырушыларға  алғыс сезімін жеткізді.

Педагог  қызметкерлердің  барлық  жетістіктерінің  бастауы болып отырған аудандық  білім бөлімі мен оның әдістемелік  кабинет   ұжымының   ұзақ жылдар бойғы  тәжірибесі мен  бүгінгі күн талабына сай  ұйымдастырып  отырған  жұмыстарын  жүйелі, заманауи  құрылғылар мен компьютерлік бағдарламалардың көмегімен,  тың әдіс –тәсілдер арқылы жеткізе білген, сол арқылы  тұтас бір ауданның   сапалы білім, саналы тәрбие беру ісін  мақсатты насихаттаған  әдістемелік кабинет жетекшісі  А.Қарасайқызының  қабілет –қарымы  мен  шығармашыл  еңбегін семинар қонақтары мен қатысушылардың барлығы  да атап өтті.

Семинардың   ауданның білім беру жүйесіндегі нәтижелерді  жарнамалаумен қатар, жаңа бір шығармашылық серпіліс пен инновациялық жобалардың тууына әсер ететіндігі  сөзсіз.

Категория: Мои статьи | Добавил: Бибигул (05.10.2013)
Просмотров: 2476 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2025