Сапалы
оқыту, жақсы оқудың жолдарын меңгерту білім
беру пайда болғалы бері маңыздылығын жоймаған және әлі
де сан ғасырлар бойына білім алу үдерісіне қатысушыларды толғандыратын өзекті мәселе болып қала бермек. Балалардың
бойында ХХІ ғасыр дағдыларын
қалыптастыру, өз бетімен үздіксіз білім алуға жетелеу- бүгінгі
ұстаздың басты міндеті. Қалай жақсы оқытуға болады, оқуға оқытудың
сапасын қайтсек жақсартамыз деген
сұрақ толғандыратын бір топ облыс ұстаздары бұл күндері
Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің "Педагогикалық
шеберлік орталығында” бірінші деңгей
(ілгерілеу ) курсынан өтудеміз. Білім
мен тәрбие саласының қыр- сырын бір кісідей-
ақ білеміз дейтін тәжірибелі ұстаздар
сапалы оқыту, оқи білуге үйрету, оқу барысында оқушы бойында сындарлы көзқарасты қалыптастыру секілді
мәселелерге келгенде мүдіре
бердік. Оның да жөні бар, өйткені осы
курсқа келгенше біз өзіміздің
әр ісімізге мақсат қою мен
критерийлер құруға мән бермедік. Өзгеге
емес, әуелі өзімізге есеп беру керектігімізді де білмей келдік. Есеп
дегеннің сандық емес, сапалық болатындығын, оның алдағы нәтижелі жұмыстарымыздың кепілі
екендігіне де осы курс барысында
көзіміз жетуде. Азғантай уақыттың
ішінде біздің танымымыз бен іс -әрекетіміздің ілгерілеуіне
септігін тигізіп жатқан тренеріміз
Раушан Төлегенқызы Изгуттинова осы бағдарламаның идеясына
берілген жан. Олай дейтінім,
қандай да болмасын түйткілдің шешімін
тыңдаушылардың өзіне тапқызуға бар білік, дағдысын төзімділікпен қолдана білумен қатар, өзі
оқытатын бағдарламаға тән жұмыс
тәсілдері мен әдістерін үйрете отырып қол жеткізеді.
Оқу мен оқытуға жаңаша көзқарас, кәсіби қызметке
зерттеушілік қабілет пен ізгілік, сүйіспеншілік идеясын әкелген
жаңа жобаның өлкеміздегі білім жүйесіне тың
бастамалар мен сапалық нәтиже әкелуі біздің ілгерілеуіміздің айғағы
болмақ.
Сондықтан да курс тыңдаушылары енді бірер аптадан соң өзіміз еңбек ететін мектебімізге білім берудегі көшбасшылық идеясын апаруға тиіс болғандықтан, сол мақсатқа жетуге септесетін дағдыларды меңгеруге бар күш- жігерімізді
салудамыз.
Источник: http://45minut.kz/?p=77966 |