Ура! Жексенбі, 02.02.2025, 04:33
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Есеп -қисап

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2014 » Мамыр » 19 » Өзгеріс және біз
23:07
Өзгеріс және біз

         Деңгейлік курстың біздің кәсіби ғана емес, рухани  өмірімізді  байытқаны даусыз. Оған мысалды төмендегі құттықтаулардан  байқауға болатын сияқты.  Өзгелердің  бойынан жақсылықты, өзгерісті көре білу (сындарлы көзқарас), оны  бағалау (оқу  мен оқыту үшін), ең ақыры соны түйіндеп жаза білу (рефлексивті  есеп)  сияқты дағдыларды  меңгергендігіміз де көрініс беріп тұрғандай.  Көшбасшылықтың  ең басты қозғаушы күші ретінде өз басым, ең бастысы,   облыстағы ең  озық, әр мектептің, әр ауданның   мықты педагогтарымен бірге  алғашқы  лекте оқығанымды  атар едім. Өйткені  сіздердің әрқайсысыңыздан үйреніп, үлгі тұту  арқылы да  жетілу үстіндемін.  Өз мектебімізді дамытуға күш сала отырып,  біз бірге дамимыз деп есептеймін. Себебі   біз  желідеміз!

Айгул Кубашева (11:04) :
Қай нәрсеге де сын көзбен қарап, сыни ойлай алатын, оқушысына қалай оқудың қыр - сырын үйретіп, еңбегін оқу үшін бағалай білетін, дарынды-талантты шәкірті көп, АКТ-ны айырықша меңгерген, оқушымен де, мұғаліммен де бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіріп жүрген, кәсіби мәдениеті жоғары КӨШБАСШЫ БИБІГҮЛДІҢ туған күні құтты болсын ӘРІПТЕСТЕР! БАҚЫТ ТІЛЕЙМІН, БӘКЕ!

Бибигул Тулеуова (11:20) :
Рахмет, Айгул құрбым! Сағындым өзіңді!

Бактыгуль Калимова (13:35) :
Бибігул апай, туылған кұніңіз құтты болсын! Жанұяңызға амандық тілеймін. Өз пәнініңіздің ғана емес, көшбасшылықтың әдістемесін меңгерген, ұжымымызда да беделді, өз ісін сүйетін шебер ұстазсыз. Ізденісті тынымсыз еңбегінің арқасында біраз жетістіктерге қол жеткіздіңіз. Жалғасын таба берсін! Бакытты ғұмыр кешіңіз.

Teacher SHZ (13:53) :
Бибігүл, қалайсың? Кеш қалыппын,туған күнің құтты болсын. Отбасы амандығын тілеймін. Көшбасшылық жұмысыңда тынымсыз еңбек етудесің. Еңбегіңнің жемісін көр. <SMILE>id=711 alt=':Тюльпаны:'</SMILE>

Раушан Изгуттинова (17:28) :
Бибигуль сәлеметсіз бе!!! Туған күніңіз құтты болсын, ауырмаңыз,тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіз биіктен көрінсің. Отбасыңызға бақыт тілеймін!!!<SMILE>id=412 alt=':Дарю цветочек:'</SMILE>

 

Рахима Ермуханова (18:55) :
Бибігүл! Туған күнің құтты болсын. Ауданымыздың үздік көшбасшысы екеніңді ұжымдағы өзгеріс бағытындағы жұмыстарыңмен көрсете білдің. Шығармашылық табыстар тілеймін. Метахабарларың мен метатәжірибелерің үздіксіз болсын.

Гульнара Тулеугалиева (20:54) :
Туған күнің құтты болсын бүгінгі Пионерлер күніменен тұстасқан "Өзгерістің пионері", жүгіңді Қаумаласын әріптестер ұстасқан. Әр пікірге сыни қарап, байыптап, Немқұрайлы жандар болса, айыптап. Жаңалыққа жаны құмар дос тапса, Білгенімен ортақтасқан жайып сап. АКТ ның құлағында ойнаған Әділетсізге зығырданы қайнаған.

Гульнара Тулеугалиева (20:55) :
Құрбым,саған бүгінгі күн тілейміз, Ұзақ өмір гүлдей болып жайнаған!

Кансулу Ибраш (21:44) :
Бибігул бүгінгі туған күнің құтты болсын, жоғарыдағы қыздар керемет тілектер айтып кетіпті қазір кіріп отырмын, бәріне қосыламын, денің сау болсын, әріптестеріңе әрқашан қозғау салып, "түртіп қалып" отырасың, саған ризамыз, "меншікті мекенің" арқылы сырттай тәжірибе алмасып та жатырмыз алдымызда сіздердей сіңнілеріміз болғаныны ризамыз, бала-шағаңның қызығына бөленіп біздерге қозғау салып жүре бер, ойлаған армандарыңның бәрі рындала берсін!

светлана искакова (21:46) :
Атырау облысыныѕ алєашќы кґшбасшыларына жалынды сјлем! Жетіп жатќан жетістіктеріѕіз ќўтты болсын.



 

светлана искакова (21:48) :
Бибігїл! Туєан кїніѕ ќўтты болсын. Деніѕ сау болып, биік белестерден кґріне бер. Біз саєан сенеміз!

куляш мунайтбасова (22:15) :
Жаны жайсаң Бибігүл! Туған күніңмен құттықтаймын. Жаңалықтың жаршысы, пейілі кең әріптесім бақытты бол, отбасыңның амандығын, еңбегіңнің табыстылығын тілеймін.Сіздей адамға үздіксіз тілек жаза бергің келеді, оны әріптес-көшбасшылардың тамаша сіз туралы ойларынан байқалады, мерейің үстем болсын, Философтардың бірі айтқан екен өзгені шарықтата білген адам ғана шарықтайды деп, расында барлығымызға ой қосатын нағыз көшбасшысың, туған күніңде айтылған пікірлер сізді тек биікке жетелесін демекпін! Қайырлы түн!

Бибигул Тулеуова (22:16) :
Жаксы сөз жан семіртеді- дегендей, СІЗДЕРДІҢ шын жүректен шыгып жаткан тілектеріңіз шабыт пен жігер сыйлады. Ризамын. Алланың нұры жаусын! Түсіністік пен сүйіспеншілік бар ортада екеніңді сезінген сәтте еңбектен де рухани ләззат алуға болатынына көзім жетті. Рахмет СІЗДЕРГЕ: жақсы дос, қадірлі әріптестерім!!!!Сіздерді сағынып кеттім...<###20###img020>

Просмотров: 971 | Добавил: Бибигул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Күнтізбе
«  Мамыр 2014  »
ДснСйсСрсБсбЖ.СбУра!
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жазбалар мұрағаты
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2025