Есеп -қисап
Онлайн всего: 4 Гостей: 4 Пользователей: 0
|
Главная » 2014 » Наурыз » 7 » Тәжірибені зерделеу
14:20 Тәжірибені зерделеу |
Кеше мектебіміздің оқу ісінің
меңгерушісі , тарих пәні мұғалімі, ІІІ
деңгей курс тыңдаушысы Құрманғали Мақсотұлы тәжірибедегі
алғашқы сабағын өткізді. 6-
сыныпта өткен сабаққа әріптесіміз тыңғылықты дайындалды. Оқыту мен оқу
тәжірибесіне мозаика әдісін енгізе отырып,
әріптесіміз 7 модулді сабақ мақсаты мен құрылымына сай кіріктіруге
жұмыстанды. Оқушылар сабақта еркін, өздеріне сенімді, нәтижелі жұмыс жасады.
Мұғалімнің кембридждік оқыту
технологиясының теориясын тәжірибемен
ұштастыруға деген құлшынысы үлгі етерлік. Сабақтан соңғы рефлексиясында
әріптесіміз формативті бағалауға қатысты критерийлерді оқушыларға алдын -ала
таныстыру және тапсырмаларға дескриптор
жасауым керек екен деп орынды атап өтті.
Бұл келесі сабақтардың бұдан да нәтижелі
болатындығының кепілі деп білемін.
Сабаққа қатыса отырып, оқыту мен оқуға енгізілген әдісті өзімнің және әріптестерімнің тәжірибесінде жетілдіру үшін:
1. Мозаика әдісіне уақытты жеткілікті беру. 2. Бастапқы топқа қайта оралғаннан кейінгі талқылауға, әңгімелеуге үйрету. 3.Оқыту үшін бағалаудың қатар жүруін үнемі есте сақтау.
|
Просмотров: 656 |
Добавил: Бибигул
| Рейтинг: 0.0/0 |
|