Облыстық XVI педагогикалық оқулардан тәлім алушым Әбуғалиева Ардақ ІІ дәрежелі дипломмен оралды. Ардақ өзінің екі оқу жылындағы LS зерттеу сабақтарының қорытындыларына сүйене отырып, ”Оқушылардың математикалық тілде сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары" тақырыбындағы тәжірибесін ұсынған болатын. Әділ қазылар алқасы мұғалімнің фото, бейне деректер арқылы дәлелденген зерттеулері мен тәжірибедегі әдіс-тәсілдеріне жоғары баға беріпті. Бұл - жалғыз Ардақтың ғана емес, мектеп тәжірибесінің жеңісі деп білеміз.