Сенбі, 21.06.2025, 03:10
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Есеп -қисап

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2014 » қазан » 27 » Панорамалық сабақтар байқауы
19:55
Панорамалық сабақтар байқауы
Бүгін мектебіміздегі ”Жас мұғалімдер мектебі“ мүшелерінің арасында панорамалық сабақтар байқауы болып өтті. Байқауға 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 6 мұғалім қатысты. І кезең ”Менің визиттік картам“ деп аталып, жас мамандар өздерінің кәсіби ұстанымдары мен өмірлік қағидаларын ортаға салды. Келесі кезеңде оқытатын пәндері мен жұмыс салалары бойынша КТЖ сай өтілген 1 сабағын немесе сыныптан тыс шарасын қорғады. Қатысушылардың сабақтан күтілетін нәтижелерді айқындай білуі(Н. Идрисова, А. Даулетова, Д. Жеткінов), соған сай әдіс -тәсілдерді таңдауы(Д. Жеткінов, Қ. Хамидоллина), топтық оқытуға талпынысы, АКТ құралдарын тиімді пайдалануы (Э. Абилова), жас ерекшелігіне сай оқытуы(Р. Жанарысова) мектептегі бірлескен оқулардың, өзара тәжірибе алмасу мен өзін дамыту жұмыстарының нәтижесі деп қарауға болады.Жас мұғалімдерге тән ортақ жетістік олардың өзін - өзі ұстауы, сауатты және мазмұнды сөйлей білуі, кәсіби ұстанымдарының мықтылығы болды. Олардың қай-қайсысының да бойынан өз- өзіне деген сенімділік байқалып тұрды.Осы жерде оқыту үдерісінде ”мұғалімнің ұстанымға негізделген ой -тоқтамдарының ықпалы күштірек“ (Пажарес) екендігін ескерсек, олардың болашақта оқыту мен оқуға деген өзіндік көзқарастары қалыптасқан, тиімді шешім қабылдай алатын, іс- әрекетте белсенді маман болатындығына сенім мол. Шараның өз мәнінде, жоспарланған мерзімінде талаптарға сай ұйымдастырылып , өтуін қамтамасыз еткен тәлім алушым,”Жас мұғалімдер мектебінің“ жетекшісі Имашева Шынаргүл кәсіби жетілу үстіндегі маман екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Просмотров: 1266 | Добавил: Бибигул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Күнтізбе
«  қазан 2014  »
Дсн Сйс Срс Бсб Ж. Сб Ура!
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Жазбалар мұрағаты
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2025