5. Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да, орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.
6. Еш уақытта ақталмаңыз. Мейлі сүйген адамыңыз болсын, ақталмаңыз. Сізді жақсы көрмейтін адам қаралау үшін көп нәрсені ойлап табады.
7. Сіз туралы өсек сөз тараған болса, қуаныңыз. Өйткені сіз – тұлғасыз. Жаманды ешкім де аузына алмайды. Тек жақсыларға ғана көреалмаушылық танытып, сыртынан өсектейді.
8. Әйелді бақытты қыла алмайсыз ба? Онда өзге біреуге кедергі жасамаңыз. Джейрард Батлер
9. Мықты адамдар ғана кешіре алады. Әлсіздер мәңгілік кек сақтап өтеді. Махатма Ганди
10. Әйел заты мықты, батыл да батыр, айтқан сөзінен қайтпайтын ерлерді ұнататындықтан, соңына дейін күресіңіз. Олар бір жанжалға бола кетіп қалатындарды ұната бермейді.
11. Еш уақытта ақымақтармен ұрыспаңыз. Ұрысып, олардың дәрежесіне түскен кезіңізде, бұл істің нағыз маманы екендіктерін пайдаланып кетеді.
12. Жақындасу қиын, ал айырылысудың тым оңай екенін есіңізде мәңгілік сақтаңыз.