Г. Қапаева, Б. Тулеуова (І деңгейлі мұғалімдер), Ш. Құспанова, Ж.Сайпеденова (ІІІ деңгей) болып, "ДАМУ"желілік кәсіби оқу қауымдастығының таныстырылымын өткіздік. Тәжірибелік кезең, жалпы деңгейлік курс туралы рефлексия жасай отырып, әріптестерімізді алдағы бірлескен қызметке аффирмацияладық. Шараға көршілес Ғ. Мәсәлімов мектебінен 6 мұғалім қатысты. Аудандық білім бөлімінің әдіскері, желілік Серпер қауымдастығының мүшесі Қ.Дүзбаева қатысып, алдағы атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар сілтеп, сәттілік тіледі. Таныстырылым барысында мектепті дамытудың өзекті тақырыбын анықтап, күтілетін нәтижелерді нақтыладық.