Көшбасшының мектептің
ағымдағы жағдайын анықтау мақсатында
жүргізілген аудиттік бақылауынан
соңғы рефлексивті есебі
2015- 2016 оқу жылы
11 тамыз – 28 тамыз
Жаңа оқу жылындағы аудитті
кәсіби кеңестер түрінде жоспарлап, өткіздім. Кеңесу
барысында әріптестердің жаңаша оқыту бағдарламасының
идеясын біршама тиянақты меңгергендігін және
оқытудың 7 модулін өз сабақтарында ықпалдастыра
алатындығын білдім. Кәсіби әңгімелер топтық, жеке
түрде де өтті. Барлығы 21 мұғаліммен әңгімелестім.
Мектеп мұғалімдерінің 25 пайызы деңгейлік курстардан
өткенін ескерсек, кеңескендердің 19 пайызы, яғни 4- еуі ғана
жаңа технологияның мазмұнын меңгермегендігін айтты. Мұғалімдердің
71 пайызы жаңа оқу жылында іс -тәжірибені қандай
бағытта байытуға болатындығына қызығушылық танытты. Олар негізінен
өткен оқу жылында оқушылардың оқуындағы оң
өзгеріс ретінде төмендегілерді атады:
1. Оқушылар топтық
жұмыс ережесін меңгерді.
2. Оқушылардың басым
бөлігі өз ойларын еркін айта алады және
талқылауларға қатысудан тартынбайды.
3. Бірін - бірі және
өзін -өзі бағалауда орта
буындағы оқушылар барынша әділ болуға тырысады.
Оқытудағы өзгерісті
төмендегіше жүйеледі:
1. Мұғалімдер
өздеріміздің қалай оқытып жатқанымыз туралы
бір -бірімізге әңгімелеуді үйрендік.
2. Өзімізде бар біліммен, ресурстармен бөлісуден
қашпайтын болдық.
3. Өз тәжірибемізге жаңа әдіс -тәсілдер
қостық, іс-әрекеттегі зерттеулер жүргізуге талпыныс жасадық.
4. Балалармен бірге өзіміз де
ойлануды, бағалауды, қалай оқу керектігін үйрендік.
5. Рефлексия жасауды үйрендік.
"Біз білімді саналы түрде меңгертуге
қол жеткізу үшін оқушыларымызға нені үйретуіміз
керек?" деген сұраққа
мұғалімдердің 66 пайызы ғана жауап бере
алды және жауаптар төмендегідей болды.
1. Өз бетімен оқуға үйрету.
2. сабақтағы оқылым
үдерісін сапалы ұйымдастыру.
3. Есте сақтауды, зейінді жетілдіру.
Кәсіби
әңгіме деректерін қорыту, мектеп
әкімшілігімен және оқу тобымдағы әріптестеріммен ақылдасу
нәтижесінде жаңа оқу жылындағы
мектептегі оқыту мен оқудың өзекті мәселесі
ретінде
"Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға
үйрету арқылы білім алуды саналы және оймен қабылдауына қол
жеткізу " тақырыбы алынды.
Тулеуова Б
|