Жұма, 20.06.2025, 07:14
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Категории раздела
Есеп -қисап

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

«ҮЗДІК» САБАҚТЫҢ АЛТЫ БЕЛГІСІ
24.12.2013, 19:43

Оқытуға бағытталған сабақ сәтті екенін қалай білуге болады? Сынып жетекшісі Ричард Дарант сәтті сабақты сипаттайтын белгілерді анықтайды.

Сабақтың көп бөлігі көбінесе мұғалімнің ауызша хабарламасы мен тапсырмаларға жұмсалады, ал оларды орындау барысында жетекші рөлді оқушылар емес, мұғалім атқарады.  Оқушылардың көбі әрекетсіз отырады немесе тәртіп ережелерін бұзып, сабақтың қалыпты өтуіне кедергі жасайды. Мен айқын және ақталған мақсаттар негізінде сабақты жоспарлауды қалаймын, ал мұғалімдер оқушыларға қызықсыз тапсырмаларды тек олар алдын-ала жоспарланған деп орындатса, шынайы оқыту тоқтатылады.

Керемет (выдающийся) сабақтарда әдетте оқушылардың барлығы бүкіл уақыт аралығында белсенді жұмыс істейді. Мұндай сабақтардың ерекшеліктері олардың өміршеңдігі, сондай-ақ оқушыларға уақыт, орын және ой беретін зерттеу әдістері болуы тиіс. Бір күні маған физика мұғалімінің сыныптан толық құтыдағы сұйықтықтың көлемін қалай өлшеуге болады деп сұраған жағдайды бақылауға тура келді. Ол қалай өлшеуге болатындығын айтып бере салар еді. Бұл оқу бағдарламасын «қамтудың» оңтайлы жолы болар еді, бірақ бұл жағдайда, оқушылардың көбі өздеріне ештеңе алмас еді. Осылай істеудің орнына, ол тақтаға толық құтының сызбасын салып өлшеудің мүмкін тәсілдерін сұрады. Ол оқушылар ұсынған әрбір ұсынысқа жауап беріп, жинақтап тақтада солардың тізімін құрды. Бірнеше ұсынысты тыңдап болған соң, мұғалім сыныпты топтарға бөліп, мынаны айтты:

  • ұсынылған әрбір идеяны талқылаңдар;
  • оларды іс жүзінде қолданыңдар;
  • ең үздігін анықтаңдар;

Одан әрі ол өздерінің шешімдері туралы түсіндіріп беретін және екі топтың шешімдері арасындағы өзгешеліктерді талқылау үшін әрбір топтың өкілдерін тағайындады. Бұл үдеріс бірнеше рет қайталанды. Әрбір оқушы үдеріске, сондай-ақ оқытуға тартылып отырды.

Қай кезде болмасын оқушылардан сабақта не ұнамады деп сұрағанда, олар мұғалімдердің «көп сөйлейтіндігіне» шағымданады. Мұғалімдер, өз кезегінде, өздерінің қажеттіліктен артық сөйлемейтіндіктері жайлы айтады.  Мәселе мұғалімдер өздерінің қанша сөйлейтіндігі туралы ойланбайтындығында. Осыдан біраз уақыт бұрын өзімнің 11 «И» сыныбыма оларға арнап тапсырма құрайтынымды айттым. Мен оларға бір минут аралығында өлең туралы қалай әңгіме жүргізу керектігін көрсеткім келді. Бір оқушы маған уақыт белгілеуді ұсынды, мен іске кірістім. «Тоқтаңыз», деді ол. Мен оған тітіркенішпен қарадым. Ол «Сіздің уақытыңыз бітті» деп сенімді сөйледі. Маған әңгімеге он ақ секунд уақыт кеткендей көрінді. Мен сөйлеген кезде мүмкін алты есе көп сөйлейтін сияқты елестеттім. Мұғалімдік «көп сөйлеу» – біз оқушыларды оқытуда қолдануға тырысатындығымыз. Керемет мұғалімдер оқытуды жоғарыда келтірілген мысалда сипатталғандай жүргізеді.

 

2. Оқыту орынды, ақпарат беретін және мақсатқа бағытталған болуы керек

            Өте қызықты сабақ міндетті түрде сәтті сабақ болып табылмайды. Егер де математика мұғалімі өзінің еңбек демалысын Гималайда өткізгендігі туралы әңшімелеп сыныпты еліктірсе, сабақ шын мәнінде оқушыларды қызықтырады, бірақ тиімді болып табылмайды. Сәтті сабақтарға тән ерекшеліктері олардың іс-әрекеттерінің мақсатпен сәйкестілігі. Басқа сөзбен айтқанда, іс-әрекет үйренудің мақсатына сәйкес келіп, қалаулы нәтижеге жетумен аяқталуы тиіс. Кейбір мұғалімдер ерекше тапсырмаларды қолдануға тырысады, бірақ осы жерде олардың мақсаты жоғалады (егер ол болған жағдайда). Егер тапсырмаларда, оқып білуге қажетті, жақсы нәтижеге жету мүмкіндігі болмаса (яғни жылдам және нақты болмаса), онда олардың мәні ауқымды болмайды. Шындығына келгенде олар пайдасыз болады.  

«Орынды болу» (уместность) оқушыларды қызықтыратын немесе оларға түсінік беретін іс-әрекетті қамтитын критерийлердің кең спектрі болып табылады: өйткені бір сыныпта өте жақсы нәтиже берген тапсырмалар басқа сыныпта да керемет нәтиже береді дегенді білдірмейді. Ғұлама мұғалімдер сабақтың мақсатын, әрбір тапсырма және әрбір оқушыны нақты, әрі айқын сезіне алады.

Үздік сабақтар әр кез ақпарат береді, өйткені олар пәннің кең және нақты білімін ұсынады. Дегенмен, олар басқа ақпарат көздеріне назар аударады, мысалы, өткен сабақта оқушылардың алған білімі; мұғалім оқушылардың білімін тексергеннен кейін өзіне қандай пайдалы нәрсе алды; оқушылардың білім деңгейі, олардың қалаулары және әлеуеттері; оқушылардың қажеттіліктері. Сабақ осындай ақпаратты ескере отырып жоспарлануы керек. Сондықтан мұғалімнің сәтті сабағы іс жүзінде қалай болатындығын алдын ала анықтау қиын. Біз оқыту мақсаттары айқын және нақтылы анықталады деп әрқашан үміттенеміз.

Оқушылар «қай бағытта жылжып баратындығы» жайлы білетін болады және айта алады. Мақсатты сезіну барлық сынып ахуалына тарайды.

 

3. Оқушыларға сабақ ұнайды және оларды өздерінің оқулары қызықтырады

Кез келген бақылаушы ортақ мақсат сезімін сезіне алады. Бұл қызығушылық пен елігудің «қоспасын» білдіреді. Оқушылар тапсырмаға кірісіп кеткен және осы арқылы басқаларды жігерлендіруге тырысады. Оқытуда зерттеушілік сипат бар, ал дидактикалық оқыту немесе дұрыс жауап алу сияқты оқыту азайған. Оқушылар өздерін қызықтыратын мәселелерді зерттегілері келеді. Құрдастарының бағалауы және бірлесіп оқу қалыпты болып табылады.

Мұғалімдер өздерінің сәтсіздіктерін әдетте көптеген себептермен түсіндіреді: жоспарлауға арналған уақыттың жеткіліксіз болуы; өте үлкен болып табылатын сыныптар; барынша жақсы жоспарланған сабақтарды бұзатын, бірлесе жұмыс істеуден бас тартатын оқушылар, «ең үздік нәтижелерге» қол жеткізу құлшынысы және тағы басқалар. Дегенмен, осылардың барлығына тек теория жүзінде ғана қол жеткізу құлшынысы қарама-қайшылық болып табылады. Біздің күнделікті іс-тәжірибеміз басқа аса маңызды қажеттіліктермен, сондай-ақ басқа – еріксіз – құндылықтармен қатар жүреді. Мүмкін, жүрегіміздің түкпірінде, біздің көпшілігіміз тіл алғыштықты және тыныштықты қалаймыз; мүмкін, білімімізді ешқандай кедергісіз беру құқығы бар объект өзімізді қарастыруымыз; мүмкін, егер жасөспірімдер дұрыс тәрбиеленген болса, олар бір-бірін және бізді автоматты түрде құрметтеуге тиіс деп ойлаймыз.

Қай жағдай болмасын, кейде бақылау жүргізу барысында мені таңқалдыратын жайт оқушыларға сабақтың ұнамайтындығы және олардың өз оқуларына қызығушылық білдірмеуі. Сондай-ақ, мені мына жайт та мазалайды – мұғалім сабақ «модулін» әзірлеп, оқушылардың қызығушылықтарын күтетіндігі. Өзім бақылауға тура келген сабақтардың көпшілігі мынадай болады: мұғалім басым және бақылаушы жақ болып қала береді де, ал оқушыларға сабақтың қызықсыз, іш пыстыратын екендігін айтпасақ та – егер мұғалім жеке тұлға ретінде қызықсыз болса, оларда өздерінің жеке оқуларына жауапкершілік сезімдерін дамыту мүмкіндіктері аз болады.

Оқушыларды сабақ үдерісіне тарту тек сыртқы қызығушылықтың танытуымен ғана сипатталмайтындығында күмән жоқ. Шындығына келгенде, мен сабақта енжар, бірақ сонымен қатар сабаққа толығымен беріліп отырған оқушылар қатысқан сабақтарды бақыладым. Сондай-ақ қарама-қайшы келетін сабақтарды да көрдім. Оқушылардың сабаққа араласуы ең үздік нәтижеге қол жеткізу мен белгілі бір уақыт аралығында осы жетістіктерді қолдап отыру құлшынысымен байланысты екені күмәнсіз.

Сондықтан да сәтті сабақтарда оқушылар тапсырмаларды орындауға өте  қызығып, стратегиялық мақсатты бағалайды және осы тапсырмалардан пайда алады. Жай айтқанда, олар тапсырманы орындау мәнін біледі және осы сабақтың алдында алған білімдерімен қалай байланысатынын және қалай ол болашақта жаңа білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететіндігін түсінеді.

4. Оқушылардың табыстарға қол жеткізуі

Қызығушылық білдірген және белгілі мақсатты көздеген оқушылар табыстарға қол жеткізеді және, бұл фактінің өзі бұдан да қызығып, мақсатқа ұмтылуға итермелейді. Осылайша, шеңбер пайда болады. Егер де оқушылар сабақ барысында керемет нәтижелерге қол жеткізсе, сол сабақтар сәтті болды деп, сіз пікір-таластыра аласыз. Бірақ та менің ойымша, егер барлық оқушылар қандай да болмасын табысқа кол жеткізсе, сол сабақ сәтті болып саналады. 

Соңында, мен көптеген сабақтарды бақыладым (ойластырдым). Оларда қандай да бір айқын табыстылықты бөліп айту қиын, дегенмен, оларды сәтті деп айтуға болды.

Көптеген мұғалімдерді мынадай сұрақ мазасыздандырады: қысқа уақыт аралығында сіз оқушыларыңыздың жетістіктерін қалай көрсете аласыз? Бұл мүмкін емес және солай істеуге тырыспай-ақ қойыңыз. Кейбір мұғалімдер бақылаушы бөлмеге кірген кезде импровизациялық талқылау жасауға тырысады. Әдетте бұл оқушылардың не білгендері туралы қорытынды жасауларын қамтиды. Егер де олар әдеттегідей сәтсіздікке тап болса, олардың еш нәрсені түсінбегендіктері туралы логикалық қорытынды жасауға болады. Тіптен жақсысы, бақылаушыларға табысты өздеріне анықтауға мүмкіндік берілсе.  Олардың бұған қол жеткізудің өзіндік әдістері болады: сабақты оқушылардың өткендегі жеткен жетістіктерімен салыстыру, мысалы: осы тақырып оқушылардың нақтылы бір жетістіктеріне әкелетіндей деңгейде оқытылуда ма? Таңқаларлық нәрсе әлбетте осының олай еместігі.

Ең маңыздысы прогресс дегеніміз – сіздің нені сезіне алатыныңыз. Сондай-ақ оқушылар сабаққа қызығып, өздерінің сұрақтарына зияттарын қолдану арқылы жауап іздестіріп, зерттеу жүргізсе, өз қателіктерінен үйренген кезде, сіз ең үздік жетістіктерге жеттім деп толыққанды сенімділікпен айта аласыз.

 

5. Бағалау сабақ беруге және оқытуға тиімді әсер етеді

Әрине, табыс кездейсоқ оқиға нәтижесі емес. Жақсы бақылаушы алдыңғы оқыту жұмысы бойынша мұғалімнің жасаған анализі сабақ жоспарына қаншалықты әсер еткенін бағалайды. Сабақ барысында және сабақтан кейін тексерушілер барлық оқушылар сабақтан пайда алды ма және алынған ақпаратты қолдану мүмкіндігі бар ма екендігі жайлы дәлелдер іздеумен болады.

Дегенмен, бағалау сабақ беру барысында оқытуға қаншалықты дәрежеде әсер ететіні одан да маңызды мәселе. Бұны мен «ат үсті» бағалау деп атаймын. Ғұлама мұғалімдер оқушылардың түсіну деңгейін өлшеу мүмкіндігін саналы түрде енгізеді. Бұл мұғалімдер ерекше ықыласпен сабақтың талқыланбаған бөлігіне кірісіп, оқушылар нені түсінген жоқ, олар қандай прогреске қол жеткізді деген қызу талқылауға түседі.

Тәжірибесі аздау педагогтер оқушылардың бұрыс ұғымдарын қарастыруға мән бермей немесе олар 10 минут бұрын «түсінген» нәрселерін қайта-қайта «құйып», сабақ жоспарымен жұмыс істейді. Сәтті сабақтарда мұғалім сабақ жоспары бойынша жүрмей, тек оған сүйенеді.

Кей кездері мен «Сыныбым, сіздерден кешірім өтінемін. Мен ойымды айқын жеткізе алмадым. Бұл мәселеге басқа қырынан қарағым келеді» дегенді айтатын мұғалімді кездестіремін. Осындай мұғалім сыныппен тығыз қарым-қатынаста болып, табысқа қол жеткізген мұғалім деп саналатынын білемін.

 

6. Мұғалім сауалнамасы оқушылардың ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді

Мұғалімнің сабақ жоспарын неліктен қайтадан жасамай және қайтадан жоспарламайтын себептерінің бірі оқушылардың жетістіктерін және түсінгенін бағалай алатындай ешқандай жауап қату механизмдерін енгізбейтіні болып табылады. Олар ақпарат беру кезінде бағалауға, яғни кеш бағалауға сүйемелденеді. Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады, бірақ шындығына келгенде сабақ барысында мұғалімдер көптеген сұрақтар қояды.

Сұрақтардың үш түрі бар. Біріншісі жабық сұрақ, осы сұраққа тек бір ғана дұрыс жауап бар (мысалы, «мына сөз қалай жазылады?»). Жабық сұрақтар оқушылардың бір нәрсені білетінін, я білмейтінін анықтап береді, мұғалімдер көптеген жағдайларда басқа әдіс түрлеріне қарағанда осы әдісті қолданады. Сұрақтардың басқа түрі ашық сұрақ болып табылады, бұл жағдайда көптеген ықтимал жауаптар болады (егер Макбет өз еліне соншалықты сүйіспеншілік қатынаста болса, онда не үшін өз патшасын өлтірді?).

Мұғалімдер егер өздері дәл оларға нақты жауап бере алмаса, ашық сұрақтарды ешқашан қолданбайды. Олар қойған сұрақтарды мен «белгілі жауаптары» бар сұрақтар деп атар едім. Бірақ сол сұрақтарға жауаптарды мұғалімдердің өздері іздейді. Менің Макбет туралы сұрағыма назар аударыңыздаршы: бұл ашық сұрақ, бірақ егер мұғалім нақты жауапты талап ететін жағдай болса, (мысалы, себебі патшаның өзі халық үшін қауіпке айналды) онда сұрақ жабық сұрақ болады. Біз, шындығына келсек, сұрақтың ашық болмағанын білеміз, өйткені алғашқы ұсынылған жауаптардың бірнешеуі қызығушылықпен қабылданады, бірақ мұғалім өзі күтпеген жауапты алса оқушыны мақтайды: «Иә, өте жақсы жауап, жарайсың!»

Уақыт өткен сайын (менің айтып отырғаным 12-14 мектеп жасы) «белгілі жауаптары» бар сұрақтардың кері әсері болады: олар зерттеу мен оқытуды бұзып,  «мұғалім сұрақтарының басшылығымен» болатын, тәуелсіз ойлануды дамытуға ықпал етудің орнына мұғалімнің ойында не бар екенін «қалай тауып шешу керек» деген түрдегі жауаптары бар тапсырмалар ойлану түрін қалыптастырады.

Ашық сұрақтар талқылауды кеңейте түседі және білім мен «дәлділіктің» растығы негізінде пайымдау жасауға, пікір білдіруге негіз болады. Жауаптардың да ой-қабілетін көрсететінін және мұғалімдерге оқушыларды түсіну туралы қажетті ақпарат беретінін атап өту маңызды. Әрине, шындығына келгенде оқуға шоғырландырылған сыныптарда оқушылар көптеген сұрақтар береді, өйткені сұрақтар қоюды бір нәрсе туралы білгіміз келген кезде жиі қолданамыз.

Мен мұғалімдерді өте аз сұрақтар қойғаны үшін кінәламаймын: нәтиже шығаратын пайдалы ашық сұрақтар қою шеберлік пен сенімділікті талап етеді. Бұл сізде ойлануға көмек болатын және жауап күткен кезіңізде ыңғайлы жағдай тудыратын мәдениет пен құрылым болуы қажеттігін білдіреді. Сіз алдын ала «төгіп салу сұрақтарының» бірнешеуін жоспарлап қоюыңыз қажет. Мен осындай сұрақтардың біреуін өзіңіздің толық оқыту мақсатыңыз етуді ұсынар едім. Соңғы шолуда сынып талқыланатын сұраққа барлығы бір мезгілде оралып, мәселені қарастырар еді. Сабақтың басы (ұйымдастыру сәті) шартты жауапты дамыту, біздің не білуіміз керектігін анықтау және осы сұраққа жауап беру үшін не істеу керек туралы болуы мүмкін.

Сұрақтардың сапасы және жоспарлау үздік сабақтың айқын белгісіне айналуы күмәнсіз. Іс жүзінде біз сұрақтарға көп сенім артамыз. Сұрақтарды қоя білу стратегиясынсыз үздік прогресс, сабаққа етене кіріп кету және бағалау болуы мүмкін емес.

Сонымен, мұғалімдер жұмысына емес, бірінші кезекте оқушыларды оқытуға бағытталған Офстед назары барынша қызықты және үздік нәтижелі даму болып табылады деген менің нақты ұйғарымдарыма қайта оралуға рұқсат етіңіз, сабаққа бақылау жасаған кезімде, мен мұғалімдерді емес, оқушыларды көбірек қадағалаймын. Кейде оқушылар не айтатынын, не жазатынын жазып аламын. Содан кейін осындай оң нәтиже шығуы үшін мұғалім қандай еңбек сіңірді деп өзімнен өзім сұраймын.

Мен жиі осылай істеймін. Мінез-құлықтары әр түрлі мұғалімдерден ұқсас нәтижелер тапқаным маған қанат бітіреді. Сабақ беру, шындығына келгенде, әр түрлі өтуі мүмкін, оң нәтижелер мұғалімнің қызметінен және кәсіби «дағдылар» деп жиі аталатын өзге себептер нәтижесінен анықталады.

Сабақтың сәтті болу құпиясы мұғалімнің өз назарын нәтижелерге шоғырландыруына байланысты – мен осы мақалада өзім түсіндірген алты белгіні ұсынар едім және де оларға жай ресми түрде қарамаңыздар: оқыту үшін бағалау, талқылаулар, оқытудың сараланған мақсаттары, топтық талқылау – сіздің алға қойған мақсаттарыңыз. Осылардың барлығы мақсатқа жетудің әдіс

Категория: Мои файлы | Добавил: Бибигул
Просмотров: 6736 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2025