Фаризаша толғаныс немесе есеп
жазылмаған түнгі ой
Біздерге
ой салғаныңыз үшін,
Жаңалық
жол салғаныңыз үшін,
Мынау
жас, мынау үлкен демей,
Әрқашан
бір болғаныңыз үшін,
Сүйсіндік сізге, Раушан
ұстаз!
Достармен
сырласқаным үшін,
Атқарған
көп істерім үшін.
Тоқырап
қиналған сәтте
Ойыңмен
бөліскеніңіз үшін,
Рахмет сізге, Раушан
ұстаз!
Атырау
асып келгеніңіз үшін,
Жаңаша
дәріс бергеніңіз үшін,
Жанұя,
достар бәрінен шетте,
Қиындық
көргеніңіз үшін,
Тәнтіміз сізге, Раушан ұстаз!
Ұрпақтың
игілігі үшін
Алдағы
игі күн үшін,
Осындай
қадамға барып,
Сәтті
өтсін бастаған ісің,
Ризамыз сізге Раушан ұстаз!
Сіздердей
дос тапқаным үшін
Ойменен
түн қатқаным үшін,
Өмірдің
бір қимас сәті деп,
Көңілдің
көкжиегінен
Арнадым жыр- тілек , Достар!
Ойымды
қозғағандарың үшін,
Ақын деп
ойлағандарыңыз үшін,
Өмірдің
жаңа бір белесінде
Сіздермен
бір болғаным үшін,
Ризамын
бәріңе, ДОСТАР!
Ел,халық
игілігі үшін,
Ертеңгі
нұрлы күн үшін,
Білім ап
бірге болдық БІЗ
Мақсат
та бір болғаны үшін,
Бақыттымын Сіздермен,
ДОСТАР!
Қыстаубаева
Назгул , жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбет атындағы орта мектеп
Жарсуат
ауылы Индер ауданы Атырау
облысы
|