Жұма, 01.11.2024, 04:34
Қош келдіңіз Гость | RSS

М е н і ң  м е н ш і к т і   м е к е н і м

Категории раздела
Есеп -қисап

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Мои файлы

Әдістемелік нұсқау хат
05.10.2013, 11:47

беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелді

 

      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-25-қосымшаларына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
      2) осы бұйрықтың 26-58-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
      3) осы бұйрықтың 59-108-қосымшаларына сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оку бағдарламалары;
      4) осы бұйрықтың 109-113-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін.
      2. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі - ҰБА) (Ж.О. Жылбаев) осы бұйрықпен бекітілетін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің, таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламаларының Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.А. Әбеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.

 

      Министр                                          Б. Жұмағұлов

 

Категория: Мои файлы | Добавил: Бибигул
Просмотров: 3335 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/2
Всего комментариев: 0
idth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Кіру тетігі
Іздеу
Менің достарым

Copyright MyCorp © 2024